Жаңалықтар

Қазақстандық үстел теннисшілері командалық әлем чемпионатында жеңіске жетті

настольный теннис, сборная Казахстана, чемпионат мира, Лондон
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстанның үстел теннисінің ерлер және әйелдер құрамалары Лондонда өткен командалық әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші матчын өткізді. Екі команда да кездесулерін жеңіспен аяқтады.

Әлемдік рейтингте 25-орында тұрған Қазақстанның ерлер құрамасы рейтингте 46-орында тұрған Таиландты 3:1 есебімен жеңді.

Кирилл ГерасименкоСарают Танчароэн – 3:0 (11:7, 11:7, 11:7)
Алан ҚұрманғалиевТхитапхат Причаян – 3:0 (11:3, 11:7, 11:9)
Санжар ЖұбановПхакпхум Сангвансин – 2:3 (11:13, 11:9, 11:9, 9:11, 6:11)
Кирилл ГерасименкоТхитапхат Причаян – 3:0 (11:4, 11:7, 11:8)

Ал әлемдік рейтингте 37-орында тұрған Қазақстанның әйелдер құрамасы 42-орында тұрған Чехияны тартысты кездесуде 3:2 есебімен жеңді.

Сарвиноз МиркадироваКарин Грофова – 0:3 (6:11, 11:13, 10:12)
Зауреш АқашеваХанка Кодет – 3:0 (11:4, 11:6, 11:8)
Жанерке ҚошқымбаеваВероника Полакова – 3:0 (11:5, 11:6, 11:5)
Зауреш АқашеваКарин Грофова – 1:3 (11:8, 7:11, 7:11, 9:11)
Сарвиноз МиркадироваХанка Кодет – 3:2 (11:6, 11:7, 9:11, 9:11, 14:12)

Еске салайық, Қазақстанның ерлер құрамасы турнирді Түркияға қарсы жеңіспен бастаған болатын, ал әйелдер командасы алғашқы матчта Бразилиядан жеңілген еді. Екінші турда ерлер құрамасы Египетті жеңсе, әйелдер құрамасы Моңғолияны ұтты.

Еске салайық, Елена Рыбакина Мадридте олимпиада чемпионын жеңіп, келесі айналымға шықты.