
АҚШ президенті Дональд Трампты Камбоджа, Израиль және Пәкістан көшбасшылары Нобель сыйлығына ұсынды. Енді ол 287 үміткердің қатарында болуы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Норвегиялық Нобель институты директоры Кристиан Берг Харпвикентың айтуынша, Трамптың кандидатурасы әлі ресми түрде расталмаған.
Өткен жылдың жазында Камбоджа премьер-министрі Хун Манет Нобель бейбітшілік комитетіне хат жолдап, АҚШ президентінің әлемдік бейбітшілікті ілгерілетуге қосқан «тарихи үлесін мойындау ретінде» оны бейбітшілік сыйлығымен марапаттауды ұсынған.
Бұған дейін 2025 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадоға берілгені хабарланған. Оған марапат Венесуэлада демократияны ілгерілету жолындағы еңбегі үшін табысталған.
Қазіргі уақытта Нобель сыйлығының лауреаттары қатарында Қазақстан азаматтары жоқ.
Еске салайық, наруыз айында Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ-дың жоғары марапаттарына ие болды.