
Астанада А.Байтұрсынұлы және Қ.Аманжолов көшелерінің қиылысы маңында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
Қай жерде шектеу енгізіледі
Шектеулер келесі уақыт аралығында енгізіледі:
1 мамыр күні сағат 21:00-ден 2 мамыр күні сағат 09:00-ге дейін жолдың төменгі қабаты төселуіне байланысты көлік қозғалысы шектеледі.
Ал 2 мамыр күні сағат 21:00-ден 3 мамыр күні сағат 09:00-ге дейін жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қозғалыс тағы да шектеледі.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін А.Байтұрсынұлы көшесінің А 52 көшесінен С.Шәймерденов көшесіне дейінгі аралығы бір аптаға ішінара шектелетіні хабарланған болатын.