
«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 3 мамырда Астана және Көкшетау тұрғындарына ауаның қатты ластанатынын ескертті.
Елордада таңертеңнен бері қалың түтін мен жеңіл тұман байқалған. Оған желсіз ауа райы себеп болып, салдарынан атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып қалған. Қалада пластиктің жануына ұқсас иіс сезіледі.
Осындай қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қала тұрғындарына мынадай сақтық шараларын сақтау ұсынылады:
- Далада жүру уақытын мүмкіндігінше қысқарту;
- Үйлерде терезелерді ашпау;
- Өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру.
Бұған дейін Алматыдағы ауа сапасының нашарлағанын, оған басты себеп қаладағы көліктердің көбеюі екенін жазған едік.