
АҚШ президенті Дональд Трамп егер Тегеран «тәртіп бұзатын» болса, бұл елге соққы беруді қайта бастау мүмкіндігі бар екенін ескертті. Бұл туралы Reuters жазады.
Оның сөзінше, қазір екі тарап арасында келіссөздер жүріп жатыр. Әзірге, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер кейінге қалдырылмақ. Одан бөлек Тегеран Ормуз бұғазында кеме қатынасын ашуды және АҚШ-тың Иранға қарсы блокадасын тоқтатуды ұсынып отыр. Дегенмен нақты бітім жасалды деп айтуға ерт.
«Маған келісімнің тұжырымдамасы туралы айтты. Олар қазір маған нақты мәтінді береді», – деді Трамп журналистерге.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Иран жасаған істері үшін әлі тиісті жазасын алмағанын қосып өтті.
«Мен олай айтқым келмейді. Егер олар тәртіп бұзса, жаман бірдеңе істесе, көре жатармыз. Бірақ мұндай жағдайдың болуы мүмкін», – деп жауап қайтарды ол.
Еске салайық, 2 мамырда Трамп Иранға қарсы әскери іс-қимылдардың тоқтағанын мәлімдеген.