
Астанада LRT жобасының екінші кезеңін іске асыру жұмыстары басталды. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.
Қосшы қаласына қарай бағытта жүргізіліп жатқан құрылыс барысында алғашқы тірекке бетон құю жұмыстары сәтті орындалды. Жоспарға сәйкес, Қосшы бағытында барлығы 300-ден астам тірек тұрғызылмақ. Құрылыс барысында 538 темірбетонды құрастырмалы эстакадалық арқалық пен сегіз монолитті арқалықты монтаждау көзделген.
Сонымен қатар Астанадағы бетон зауытында болашақ эстакадалық желінің алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалығы дайындалды.
Бұл жоба елорда мен оған іргелес жатқан елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартып, қаланың инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.