
Астанада эвакуатор қоғамдық көлік аялдамасын соқты. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.
Ақпаратқа сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін, 4 мамырда Айтматов көшесінде болған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, аялдама павильонына және басқа да инфрақұрылым нысандарына соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші келтірілген шығынды өтей отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдарда мұқият болуға шақырды.