Жаңалықтар

Ұшақта power bank тасымалдау тәртібі өзгереді: қандай түрлеріне рұқсат етіледі

Фото: shutterstock

FlyArystan әуе компаниясы 7 мамырдан бастап ұшақ бортына қосалқы аккумуляторларды (power bank) алып кіруге қатысты жаңа ережелерін енгізеді.

«7 мамырдан бастап Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің талаптарына сәйкес FlyArystan әуекомпаниясының рейстерінде қосалқы аккумуляторларды (power bank) тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз«, – деп мәлімдеді компания.

Жаңартылған ережелерге сәйкес, power bank тасымалдау олардың қуатына байланысты болады:

  • 100 Вт/сағ-қа дейін – рұқсатсыз тасымалдауға рұқсат етіледі;
  • 100-ден 160 Вт/сағ-қа дейін – тасымалдаушының рұқсаты болған жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі;
  • 160 Вт/сағ-тан жоғары – тасымалдауға тыйым салынады.

Сонымен қатар бір жолаушыға екі қосалқы аккумуляторды тасымалдауға рұқсат етіледі.

Әуе компания power bank-ты тек қолжүкте тасымалдауға рұқсат етілетінін ескертті. Оны жүк багажына салуға тыйым салынған. Сондай-ақ ұшу кезінде оларды пайдалануға және қуаттауға рұқсат етілмейді.

Жолаушыларға тексеру мен отырғызу кезінде қиындықтарға тап болмас үшін сапарларын жоспарлау барысында жаңа талаптарды алдын ала ескеруге кеңес беріледі.

Еске сала кетейік, енді жолаушылар домбыра мен қобызды ұшаққа тегін алып кіре алады. Бұл ретте олардың өлшемдері 110×35×30 см-ден, ал салмағы 10 кг-нан аспауға тиіс.