Жаңалықтар

FlyArystan 20% жеңілдік жариялады

Фото: FlyArystan
Фото: FlyArystan

FlyArystan компаниясы жеті жылдығына орай ұшақ билеттерін 20% жеңілдікпен алдағы мереке күндеріне сата бастайды.

Компанияның «туған күні» 1 мамырда атап өтілген. Осыған орай мыңдаған жолаушыға жаңа бағыттарды бұрынғыдан да қолжетімді етуге мүмкіндік бермек.

Бұл жеңілдік тек 5 және 6 мамыр күндері барлық ішкі бағыттарға, сондай-ақ сұранысқа ие бірқатар халықаралық бағыттарға беріледі.

Атап айтқанда:

– Астанадан – Газипаша, Үрімші, Кутаиси және Ташкентке;
– Алматыдан – Газипаша, Самарқанд және Кутаисиге;
– Ақтаудан – Кутаиси және Бакуге;
– Атыраудан – Кутаисиге.

Сонымен қатар 2026 жылғы 8 қыркүйектен 21 қазанға дейінгі аралықта акциялық билеттер сатылмақ.

Мұның алдында FlyArystan әуе компаниясы 2026 жылғы 31 мамырдан бастап Астана мен Үрімші қалалары арасында ұшақ қатынай бастайтынын хабарлаған еді.