Экономика

Халық кеңесі мен Құрылтай: жаңа Салық кодексіне өзгеріс енгізілмек

Салық кодесіне қандай өзгеріс енеді / Фото: kursiv.media архиві, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жаңа Салық кодексіне өзгеріс енгізілмек. Бірақ бұл түзетулер кәсіпкерлердерің ұсыныстары емес, тек құжаттағы заң терминдерін жаңарту мен елдегі құқықтық өзгерістерге сәйкестендіруге бағытталған. Өзгеріс кодекстегі ұғымдарды нақтылап, заң тілін заман талабына сай етуді көздейді.

Қандай өзгеріс енгізіледі

Заң жобасы аясында құжаттың бүкіл мәтініндегі бірқатар атау мен термин ауыстырылады. Мәселен, бұрын қолданылып келген «шетелдік» термині бұдан былай «шетел азаматы» деп жазылады. Сондай-ақ, заңның орыс тіліндегі нұсқасында ұлттық валюта атауы бүкіл жерде «теңге» деп жазылады.

Әкімшілік-аумақтық құрылымдарды атаудың да жаңа тәртібі енгізілмек. Енді құжаттарда «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала» деген жүйелілік сақталады.

Бұдан бөлек, заңнамалық деңгейдегі өзгерістерге байланысты «Парламент» деген атау «Құрылтай» болып өзгертіліп, мәтінге «Қазақстан Халық Кеңесі» деген жаңа ұғым қосылмақ.

Заңға енгізілетін түзетулер тек атаумен шектелмейді, сонымен қатар заңнамалық дәлдікті арттыруды да көздейді:

  • «Заңнамалық актілер» деген жалпылама ұғым нақтыланып, «заңдар» деп ауыстырылады;
  • Референдумға қатысты тұстарда «бүкілхалықтық референдум» деген нақты тұжырым қолданылады;
  • Конституциялық сотқа қатысты кейбір жекелеген нормалар алынып тасталады.

Жаңартылған ережелер мен терминдерді Мәжіліс мақұлдаған соң, 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енуге тиіс.

Жаңа Салық кодесі жылы қабылданған. Бұл құжаттағы негізігі өзгеріс – биыл қосылған құн салығы (ҚҚС) 12 пайыздан 16 пайызға көтерілді. Одан бөлек, ҚҚС шегі 74 млм теңгеден 40 млн теңгеге төмендеді.