Lifestyle

«Prada киген әзәзіл 2» фильмі алғашқы аптада рекорд орнатты

Дьявол возвращается, но теперь носит Dior
«Prada киген әзәзіл 2» фильмінен кадр

2006 жылғы аңызға айналған туындының жалғасы – «Prada киген әзәзіл 2» фильмі прокаттың алғашқы күндерінен-ақ рекорд орнатып жатыр.

Фильм әлемдік прокаттағы алғашқы демалыс күндері (уикенд) 233,6 млн доллар жинап, кассалық рекорд орнатты. Көрсеткіш 2006 жылғы бірінші бөлімнің АҚШ-тағы бастапқы табысынан (27,5 млн доллар) бірнеше есе асып түсті.

Бас рөлді сомдаған Мерил Стриптің мансабындағы ең табысты премьера ретінде тіркелді. Киноға деген қызығушылық оның шығуынан бұрын-ақ байқалған еді. Трейлері алғашқы 24 сағат ішінде 222 млн рет қаралып, «20th Century Studios» компаниясының тарихындағы абсолютті рекордты жаңартты.

Қазақстандағы жағдай

Қазақстандық көрермендер де әлемдік трендтен қалыс қалар емес. Ticketon мәліметтері бойынша, 30 сәуір мен 3 мамыр аралығында фильм елімізде 626 121 971 теңге табыс тауып, рейтингтің көшін бастады.

Фильм атауыКассалық жиын (теңге)Прокаттағы уақыты
Prada киген әзәзіл 2626 121 9711 апта
Майкл182 208 7182 апта
Періште136 820 9703 апта
Алдар. Махаббат туралы аңыз80 307 5002 апта
Мен үшін өмір сүр70 216 5101 апта
Мүшел жас42 543 1362 апта
Qara24 639 4851 апта
Супер Марио: Галактикалық кино21 296 9255 апта
Мумия Ли Кронина11 539 6843 апта

Еске сала кетейік, өткен аптада ең көп касса жинаған фильм Құралай Анарбекованың «Періште» фильмі алғашқы аптасында 225 млн жинаған еді.