
Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы зауыт жарылысына байланысты бірқатар тапсырма берді.
7 мамыр, сейсенбідегі үкімет отырысы «Қазмырыш» компаниясының Өскемендегі зауытындағы өртті талқылаумен басталды.
«Мен таңертең Өскемендегі жарылысқа қатысты қажетті тапсырмалар бердім. Төтенше жағдайлар, сонымен бірге экология министрліктері, облыс әкімдігі қажетті шара қабылдап, маған баяндаңыздар. Мәселе менің жеке бақылауымда болады», – деді Бектенов.
Естеріңізге сала кетейік, 5 мамырда таңертең Өскемен қаласында «Қазмырыш» компаниясының металл балқыту зауыты өртенді. Әзірге тоғыз адам зардап шеккені, үш адамның жағдайы екені мәлім. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.