Жаңалықтар

Қошанов Парламент палаталарын бірлескен отырысқа шақырды

Парламент
Қошанов Парламент палаталарын бірлескен отырысқа шақырды / фото: Асқар Ахметуллин

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов 8 мамырға Қазақстан Парламент палаталарын бірлескен отырысқа шақырды. Тиісті құжатқа бүгін қол қойылған.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген құжат мәтінінде.

Айта кетейік, Парламенттің қос палатасының қатысуымен өтетін жиын елорда уақытымен сағат 10:00-де басталады.

Алдағы бірлескен отырыста қандай мәселе талқыға салынатыны туралы ақпаратта көрсетілмеген.

Бұған дейін қос палатаның депутаттары 20 наурызда жиналып, Алматы маңындағы Алатау қаласының мәртебесіне қатысты заңды қабылдаған еді.