
Алматы облысында құтқарушылар терең шұңқырларға құлап кеткен екі адамға көмектесті, деп хабарлады ТЖМ.
Бірінші жағдай Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылында орын алды. Септик қазу кезінде ер адам шұңқырға құлап кеткен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арқан мен зембілдің көмегімен зардап шегушіні шығарып алды.
Екінші оқиға Қарасай ауданының Шамалған ауылында болды. 1988 жылы туған ер адам су айдайтын шұңқырға құлап, оның аяғын бетон баған басып қалған. Құтқарушылардың бірі төмен түсіп, арқанның көмегімен зардап шегушіні босатты, содан кейін ер адам жер бетіне шығарылды.
Қазіргі уақытта екі зардап шегуші де дәрігерлердің бақылауында, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.