Жаңалықтар

Алматыда өртеніп жатқан жер үйден ер адам құтқарылды

 Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Бүгін Алматы қаласының Алатау ауданында Бөкеев көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты. Бір адам зардап шеккен.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Бейнежазбада ер адам есінен танып, әлсіреп жатқаны көрінеді.

«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар түтін басқан үйден 1966 жылы туған ер адамды алып шықты», – делінген ақпаратта.

Оған ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін ауруханаға жеткізген.

Жеке тұрғын үйдегі тұрмыстық заттар мен жиһаз жанып кеткен. Жалпы 5 шаршы метр аумаққа тараған өрт сөндірілген.

Айта кететін жайт, Түркістан облысында балабақша ғимараты өртенді.