Жаңалықтар

Алматыда төбелескен үндістандық студенттер елден шығарылуы мүмкін

полиция
Алматыда төбелескен үндістандық студенттер елден шығарылуы мүмкін / Фото: shutterstock.com

Алматының Алмалы ауданындағы жекеменшік футбол алаңдарының бірінде Үндістаннан келген студенттер арасында төбелес болған.

Бұған дейін қақтығыс халықаралық турнир аясында орын алды деген ақпарат тараған. Алайда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек ойынның жергілікті сипатта болғанын нақтылаған.

«Әрбір қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға берілді. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша бірнеше адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысқандардың ел аумағында бұдан былай болу мәселесі қарастырылып жатыр», – деп атап өтті ол.

Бұған дейін Алматыда жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 4 мыңнан астам шетелдіктің әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Елден 741 адам шығарылды, тағы 959 құжатсыз тұлға жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату орнына орналастырылды.