
Freedom Holding Corp. «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) Freedom AI Ltd. атты еншілес компаниясын тіркеді. Оның жарғылық капиталы 365,4 млн теңгені құрайды. Бұған, ең алдымен, экономист Арман Батаев назар адарған.
Компания қызметі ретінде деректерді өңдеу, қосымшаларды (бағдарламаларды) орналастыру (хостинг) және техникалық құжаттарды әзірлеу көрсетілген.
Бұған дейін холдинг салалық министрлікпен құны 2 млрд доллар болатын ерекше жасанды интеллект хабын құру туралы келісіміге келген еді.
Жоспарланған хаб тікелей Freedom Holding Corp. басқаруында болады және NVIDIA компаниясының экзамөлшерлі кластағы ерекше инфрақұрылымына негізделеді.
Аталған жоба – Қазақстан мен Орталық Азияның жасанды интеллект саласындағы көшбасшылығын дамытуға бағытталған ірі стратегиялық бастаманың маңызды бөлігі.
Freedom Holding Corp. – Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы ірі брокерлік және инвестициялық холдинг. Қазақстанда холдинг Freedom Broker («Фридом Финанс» АҚ, KASE қатысушысы) және Freedom Finance Global (AIX қатысушысы) брендтерімен брокерлік қызметтер ұсынады.
Сондай-ақ елде Freedom Bank, Freedom Insurance және Freedom Life сақтандыру компаниялары, Freedom Travel авиабилеттерін брондау сервисі және Freedom Ticketon концерт, кино және мәдени іс-шараларға билет сату платформасы сияқты еншілес құрылымдары жұмыс істейді.