Жаңалықтар

«Қазмырыштағы» апаттан кейін өндіріс төмендетілген жүктемемен жұмыс істеп жатыр

«Қазмырыштағы» апаттан кейін өндіріс төмендетілген жүктемемен жұмыс істеп жатыр / Фото: ШҚО ТЖМ

Өскеменде «Қазмырыш» металлургия кешенінде орын алған оқиғадан кейін өндірістік қуаттылықтың бір бөлігі уақытша төмендетілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Компания өкілдері қайғылы жағдайдың мән-жайын тергеу жұмыстары жалғасып жатқанына қарамастан, металлургия кешенінің өзі жұмысын тоқтатпағанын нақтылады. Оқиға орны әлі де қоршауда тұр. Онда апаттың себептерін анықтаумен мемлекеттік комиссия айналысуда.

«Өскемен металлургия кешені жұмысын жалғастыруда, мырыш және қорғасын зауыттарында өндірістік қуаттылықтың күтілетін уақытша төмендеуі байқалады», – деп хабарлады компания.

Бұған дейін компания басшылығы қаза тапқан қызметкерлердің туған-туыстарымен кездескенін жазған едік. Кәсіпорын жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруды және отбасыларға алдағы уақытта қолдау көрсетуді өз мойнына алады.

5 мамыр, сейсенбі күні таңертең Өскемен қаласының өндіріс аймағында орналасқан «Қазмырыш» компаниясы зауытында жарылыс болды. Цехтың 220 шаршы метрі опырылып түскен