Жаңалықтар

Жамбыл облысында бір отар қойымен бірге жоғалып кеткен қойшы табылды

Жамбыл облысында Меркі ауданында бір отар қойымен бірге жоғалып кеткен қойшы табылды.

ТЖМ ақпаратына қарағанда, жоғалған азамат үйінен 35 шақырым қашықтықтағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан табылған.

«Бүгін Жамбыл облысының Меркі ауданында жоғалған 1982 жылы туған малшыны іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Ер адам 2 мамыр күні Тәтті ауылынан 40 шақырым қашықтықтағы құмды аймақта орналасқан қыстақтан мал жаюға шығып, хабар-ошарсыз кеткен», – делінген ақпаратта.

Құтқарушылар жоғалған малды да тапты. Ер адам медициналық көмек керек болмаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы қызметкерлері, кинологиялық есептоптар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және «Қазавиақұтқару» АҚ авиациясы жұмылдырылған.

Айта кететін жайт, Алматы облысында жоғалған 14 жасар қыз аман-есен табылды.