Жаңалықтар

Алматылық әйел өзінің жүкті екенін босанғалы жатқанда бір-ақ білген

фото: KursivMedia мұрағаты
фото: KursivMedia мұрағаты

Алматыдағы клиникалардың бірінің дәрігерлері таңғаларлық оқиға туралы айтып берді. Келіншек іші ауырып, кеуіп кетті деп ойлаған.

Дәрігерлерге қаралуға келген әйел жүкті екенін мүлде білмеген.

Медициналық холдинг СЕО-сы Юсуф Мухамедовтың айтуынша, ішінің кебуі мен ішек тұсындағы ауырсынуға шағымданып, емханаға жүгінген.

Сондай-ақ дәрігерге соңғы уақытта қатты арықтап, кейін күрт салмақ қосқанын айтқан.

Науқастың жағдайының себебі ультрадыбыстық зерттеу кезінде анықталыпты. Бұған жас келіншек те, дәрігерлерді де қатты таңғалған. Алматылық жас келіншек жүкті екен. Сараптама қорытындысына сәйкес, жүктіліктің мерзімі де мүлде аз емес. Жеті ай болған.

Жаңалық әйелге қатты әсер еткендіктен, толғағы дәрігердің кабинетінде басталған.

«Дүниеге дені сау қыз бала келді. Нәресте бірден жылап туды, анасы мен сәбиінің жағдайы тұрақты», – деп хабарлады дәрігерлер.

Әйел алғаш рет ана атанған. Ол көптен бері қызды болуды армандаған.

Бұған дейін, Түркістан облысында үшем өмірге келген. 2400, 2230 және 2060 грамм болып туған сәбилердің денсаулығы жақсы.