
Бүгін, 8 мамыр күні, елорда төрінде дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі өтіп жатыр.
8–10 мамыр күндері аралығында өтетін байрақты бәсеке биыл Қазақстанда төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жарыста 3 құрлықтан 36 елден 295 дзюдошы бақ сынамақ.
«Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін додаға әлемнің үздік дзюдошылары қатысуда. Жарыс талаптарына сай 39 елден 300-ден астам спортшы тіркелді. Турнир барысында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары, сондай-ақ әлемдік рейтингтің көшбасшылары бақ сынайды», – делінген ақпаратта.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) талаптарына сәйкес, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары беріледі. Бұл ұпайлар спортшылар үшін 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу жолындағы маңызды кезең болмақ.
Спортшыларға жанкүйерлерге кіру тегін. Жарысты Qazaqstan ұлттық арнасынан, QazSport арнасы мен Judo TV интернет арнасына тамашалауға болады.
Мұның алдында турнирде өнер көрсететін балуандардың құрамы анықталды.