
Астанадан Германияның Франкфурт қаласына ұшып шыққан Air Astana ұшағы Ақтөбеге қонуға мәжбүр болды.
Әуе компаниясының хабарлауынша, KC921 рейсі сағат 08:54-те ұшып шығып, техникалық себеппен 11:34-те Ақтөбеге қонған.
«Әуе кемесі экипажы стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде өтті. Жолаушыларды одан әрі тасымалдау үшін әуе компания Алматыдан резервтік ұшақ жіберді және рейстің жолаушылармен Ақтөбе қаласынан сағат 14.20-те ұшып шығады», – делінген ақпаратта.
Әуе компаниясы жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана әуежайы рейстерді уақытша қабылдай алмай, ұшақтар Қарағандыда қонуға мәжбүр болды.