
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек саяси партияға кіру туралы шешім қабылдады. Кезінде тәуелсіз үміткер ретінде парламентке өткен саясаткер 8 мамырда журналистерге осылай деп мәлімдеді.
«Партияға кіру жөнінде шешім қабылдадым. Жақын арада жариялаймын», – деп қысқа қайырды Базарбек.
Парламенттегі журналистер саясаткердің Құрылтай сайлауы қарсаңында нақты қай партияға кіргелі жатқанын анықтап біле алмады.
Бақытжан Базарбек 2023 жылғы наурызда өткен сайлауда Алматы қаласындағы №5 округта (Медеу, Бостандық және Наурызбай аудандары) жеңіске жетіп, парламентке өтті. Осы округта барлығы 34 үміткер тіркелген. Олардың арасында Мұхтар Тайжан, Санжар Боқаев, Динара Егеубаева сынды танымал тұлғалар болған.
Базарбек парламентте жер мәселесі, сыбайласқан жемқорлық, ескі Қазақстанның ықпалды байлары туралы өткір сауалдар жолдады. Мәселен, саясаткер құзырлы органдарды жаппай тазалау керек деп мәлімдеген.
Құрылтай сайлауы 2026 жылғы тамыз айында өтеді. Жаңадан жасақталатын бір партиялы парламентке партия тізімі арқылы ғана кіруге болады.