
QazaqGaz 700 млн долларға еурооблигациялар шығарды. Ұлттық газ операторы QazaqGaz 10 жылдық бағалы қағаз сату арқылы 700 млн доллар тартты. Купондық мөлшерлеме жылдық 5.625%-ды құрады.
Бұл – QazaqGaz-дың бір апта ішіндегі екінші ірі қаражат тартуы. Бұдан бұрын компания «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу үшін 1 млрд долларға облигациялар орналастырған еді.
Бұған дейін QazaqGaz Қарашығанақтағы газ өңдеу зауытының құрылысын еурооблигациял шығару есебінен қаржыландыруды жоспарлап отырғаны хабарланған.
«QazaqGaz» ұлттық компаниясының жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (100% акциясына иелік етеді).