
Қазақстан мен Түркия әскери жүктерді әуе кеңістігі арқылы транзиттеу туралы келісті. Екі ел үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялау туралы тиісті заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Құжат Қазақстан мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды тасымалдау тәртібін реттейді.
Келісім мұндай транзиттің шарттары мен тетіктерін айқындайды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады және белгіленген тәртіппен өз күшіне енеді.
Бұған дейін Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков келісімді ратификациялаудың іс жүзінде не білдіретінін түсіндірген болатын. Ол Қазақстанның өз бітімгершілік күштерін оқу-жаттығуларға жеткізу үшін Түркияның әуе кеңістігін бұрыннан пайдаланып келе жатқанын еске салды. Енді мұндай құқыққа Түркия да ие болады.