Жаңалықтар

Бектенов, Әшімбаев және Қошанов «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды

Мәулен Әшімбаев, Олжас Бектенов және Ерлан Қошанов / фото: ҚР Үкіметі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жеңіс күніне орай Астана қаласындағы «Отан Ана» монументіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды. Бұл шара сұрапыл соғыс жылдарындағы қаһармандардың өлшеусіз ерлігіне тағзым ету және өшпес рухын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Отан Ана» монументі / фото: ҚР Үкіметі

Майдан мен тыл қаһармандарын еске алу

Салтанатты рәсім барысында жиналғандар соғыс даласында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тылда ерен еңбек көрсеткен қажырлы азаматтарды және барлық соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Тағзым ету шарасы өткен тарихтың қасіреті мен жеңістің маңызын тағы бір мәрте айқындап, батырлар есімінің ел жадында мәңгі сақталатынын көрсетті.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады.