Жаңалықтар

15 мамырда Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады

15 мамырда Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады
15 мамырда Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады/ Фото: Қорғаныс министрлігі

Астанада 15 мамырда Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала үстінде жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға дайындыққа байланысты 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады.

Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу іс-шаралары қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады. Қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен демонстрациялық ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Халыққа ешқандай қауіп төндірмейді.