Жаңалықтар

Жангелдин ауылындағы бір отбасының өліміне қатысты тергеу аяқталды

Атыраудағы бір отбасының өліміне қатысты тергеу аяқталды
Атыраудағы бір отбасының өліміне қатысты тергеу аяқталды

Жангелдин ауылындағы бір отбасының өліміне қатысты атышулы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды.

Ақжайық баслымының мәліметінше, басты айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев қылмыстық іс материалдарымен танысып, төрт адамды өлтіру дерегі бойынша кінәсін мойындады.

Сәрсемалиевке Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бойынша айып тағылды.

Бұдан бөлек, тергеу аясында ҚР ҚК-нің 188 «Ұрлық»және 190 «Алаяқтық» баптары бойынша қосымша қылмыстық істер тіркелді. Әңгіме қаза тапқан отбасының малын сату, сондай-ақ олардың банк карталарындағы ақшалай қаражатты жымқыру туралы болып отыр.

«Барлық тергеу әрекеттері аяқталды. Іс жақын арада сотқа жолданады. Сот процесі мамырда басталады», – деп хабарлады дереккөз.

Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасы психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша Сұлтан Сәрсемалиевтің есі дұрыс деп хабарлаған еді.

Тағылған айыптарды ескерсек, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.