Жаңалықтар

Дональд Трамп пен Си Цзиньпин қашан кездесетіні мәлім болды

Дональд Трамп пен Си Цзиньпин АҚШ пен Қытай
фото: REUTERS/Kevin Lamarque

АҚШ президенті Дональд Трамп 13 мамырда Қытайға барады. Сапар үш күнге созылады. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрлігі хабарлайды.

«Президент Си Цзиньпиннің шақыртуымен Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Дж. Трамп 13-15 мамыр аралығында Қытайда мемлекеттік сапармен болады», – делінген шағын ресми ақпаратта.

Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Кэролайн Левитт Трамптың Қытайға сапары 14-15 мамырда өтетінін айтқан. Содан кейін Си Цзиньпин Вашингтонға сапарлайды деп жоспарланған.

Бұған дейін Трамп Қытайға 2026 жылғы наурыздың аяғында баратыны айтылған. Алайда Ақ үй қожайынының жоспары Ирандағы соғысқа байланысты өзгерген.

Мәліметтерге қарағанда, осы аптада өтетін кездесуде Қытай АҚШ-қа тиім ұсыныс жасап, оны америкалық тарифтер мен басқа да сауда шектеулеріне алмастыруға тырысады.