Жаңалықтар

Алматыда Әл-Фарабидегі жантүршігерлік апатқа қатысты тергеу аяқталды

Третий индийский студент погиб после ДТП под Алматы
фото: ашық дереккөзден

Алматыда Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы жәбірленушілердің бірінің адвокаты Олег Черно хабарлады.

«Әл-Фарабидегі апат бойынша іс материалдарын зерттеуге кірістік. Іс бітті», – деп жазды ол инстаграм парақшасында.

Еске салайық, 21 наурыз түнгі сағат 03:30 шамасында, Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жол апаты болды. Zeekr маркалы машинасы Mercedes көлігіне соғылып, үш адам да сол жерде тіл тартпай кетті. Ал апатқа кінәлі делінген Zeekr жүргізушісі ауыр жарақат алып ауруханада жатыр. 

Кейін жол апатынан қайтыс болған жүргізушінің туыстары күдікті тараптың келісімге келмек болғанын хабарлаған.

Сол апатқа полицияның қатысы бар деген хабар тарады. Алматы қалалық полиция оны тексеруге уәде берді.