
Реcейдің Краснодар өлкесінің Гулькевич ауданына қарасты №1 мектепте 9-сынып оқушысы пневматикалық тапаншадан оқ атқан.
Ura ақпаратына қарағанда, полиция қызметкерлері от атқан оқушыны ұстады. Өңірлік ІІМ басқармасы мәліметінше, «9-сынып оқушысы №1 мектептің ішінде бірнеше рет оқ атып, кейін оқу орнының аумағынан кетіп қалған».
Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан бірнеше бала жарақат алып, олар дереу ауруханаға жеткізілген.
Оқиға орнына құқық қорғау органдары жетіп, жасөспірімнен ұстаған сәтте пневматикалық тапаншаны тәркілеген. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Бұған дейін Түркияның Шанлыурфа провинциясында 17 жастағы оқушы оқу орнына аңшы мылтығымен кіріп, бейберекет оқ атқан еді. Ресми дерек бойынша, 16 адам, негізінен оқушылар, жарақат алған.