
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемдегі қару-жарақты тәркіледі.
Алматы және Шымкентте 4 «Калашников» автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, «РШГ-2» реактивті шабуыл гранатомет, сондай-ақ 4 граната және 188 оқ-дәрі тәркіленген.
Бұдан бөлек Шығыс Қазақстан облысында 346,5 келі өнеркәсіптік жарылғыш зат табылып, тәркіленді.
«Бұл фактілер бойынша жедел-іздестіру әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ҰҚК.
Бұған дейін комитет Рудныйда пара алды деген күдікпен үш полиция қызметкерін ұстады.