Банк пен қаржы

Доллар 470 теңгеден жоғары көтерілді

Доллар қайтадан нығайып жатыр / фото: shutterstock

13 мамырда түскі сағат 14:00-де Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллар 470,36 теңге болды. АҚШ валютасы бір тәулікте шамамен 5 теңгеге нығайды.

Бір күн бұрын KASE-дегі доллар саудасы 465,70 теңгемен жабылған. Сәрсенбі күні көк ақшаның айтарлықтай нығайғанын көріп отырмыз. Айта кетейік, биыл сәуірдің аяғында доллар 455 теңгеге дейін арзандап кеткен еді.

Елдегі валюта айырбастайтын мекемелерде де доллар қымбаттады. kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 470 теңгеден қабылданып, 471 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласындағы бағам: 464 және 471 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаз уақытында долларға сұраныс көбейетінін ескерткен.