Жаңалықтар

Қазақстанда энергетикалық сусындарға акциз кезең-кезеңімен көтеріледі

Қазақстанда энергетикалық сусындарға акциз кезең-кезеңімен көтеріледі / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда энергетикалық сусындар акцизделетін тауарлар тізбесіне енді, бұл ретте акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен енгізіледі.

Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылы акциз мөлшерлемесі литріне 100 теңгені, 2027 жылы – 140 теңгені, ал 2028 жылдан бастап – литріне 180 теңгені құрайды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті атап өткендей, бүгінде энергетикалық сусындар алкогольсіз өнімдер нарығының тұрақты сегменті болып табылады.

Елде бұл өнімді өндірумен және импорттаумен бес отандық өндіруші мен бес ірі импорттаушы айналысады. Өндірістің едәуір бөлігі Қазақстан ішінде шоғырландырылған.

Отандық кәсіпорындар ішкі нарықты қамтамасыз етіп, өнімді шетелге экспорттайды. Акциздік реттеуді енгізу энергетикалық сусындар айналымының ашықтығын арттыруға, салық түсімдерінің толықтығын қамтамасыз етуге және нарық қатысушылары үшін тең жағдайлар жасауға бағытталған.

Сала өкілдерінің бағалауынша, энергетиктердің негізгі тұтынушылары кәмелетке толған азаматтар болып табылады. Осыған байланысты өнімді өткізу кезіндегі талаптар мен шектеулердің сақталуына ерекше назар аудару жоспарлануда.

МКК мемлекеттік органдармен бірлесіп салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру және нарықтың ашықтығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын қосып өтті.