Жаңалықтар

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты іс жақында сотқа жолданады

фото: ашық дереккөзден

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, жақында сотқа жолданады. Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов осылай деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, тергеу аяқталуға жақын қалған. Ал бұлтартпау шарасына қатысты сот шешіміне сілтеп, пікір білдіруден бас тартты. Қазіргі уақытта Омарова үй қамақта отыр.

Еске салайық, 20 наурызда журналист Ботагөз Омарованы «президенттің ат қоралары» жайлы материалына байланысты полицияға шақырды. Кейін «көрінеу жалған ақпарат тарату» ісі бойынша күдікті деп танып, үй қамағына алды. Журналистер Омарованың ісіне қатысты депутаттарға да сауал жолдаған, Бақытжан Базарбек тілшінің ісінде жеке кепіл болатынын айтқан.