Қоғам

Алматыда ауыр қылмыстарға қатысты бар қылмыстық топ ұсталды – видео

Қылмыстық топ мүшелері ұсталды / фото: polisia.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысында ұрланған қару-жарақ Алматыдан табылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.

Полиция 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін ұстаған. Арасында бұрын сотталғандар да бар.

«Олар мегаполис аумағында қару қолданып, бұзақылық жасады, адам бопсалады, денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Сондай-ақ қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деп күдікке ілінді», – деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Күдіктілерді ұстау барысында 21 санкцияланған тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан қоғам қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қару-жарақ пен өзге де заттар тәркіленді.

ІІМ: Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топтың жолы кесілді

«Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше атыс және травматикалық қару, оның ішінде мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды. Бұл қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған», – деп хабарлады полиция.

Күдіктілердің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті іздеуде жүрген Қазақстанның төрт азаматын елге қайтарды.