Жаңалықтар

Дональд Трамп Си Цзиньпинді қыркүйекте АҚШ-қа шақырды

Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Бейжіңде
Дональд Трамп Си Цзиньпинді қыркүйекте АҚШ-қа шақырды / фото: BRENDAN SMIALOWSKI/REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп ҚХР-ға жасаған мемлекеттік сапары барысында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен оның жұбайы Пэн Лиюаньді 24 қыркүйекте Ақ үйге келуге шақырды, деп хабарлады NBC News.

Шақыру бейсенбі күні кешке Бейжіңдегі Халық құрылтайы ғимаратында АҚШ Президентінің құрметіне ұйымдастырылған салтанатты банкет кезінде айтылды.

Құттықтау сөз сөйлеген Дональд Трамп сапардың нәтижелерін жоғары бағалады. Ол өте позитивті әрі нәтижелі келіссөздер мен кездесулер өткізгенін мәлімдеді, сондай-ақ қабылдаушы тарапқа тамаша қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, бұл кешті достар арасында болудың тағы бір қымбат мүмкіндігі ретінде сипаттады.

Сапардың ресми бөлігі күннің бірінші жартысындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерді және Си Цзиньпиннің Дональд Трамппен бірге сапарда жүрген ірі америкалық корпорациялардың басшыларымен кездесуін қамтыды.

Бағдарламаның мәдени бөлігіне күннің екінші жартысында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысаны болып табылатын Аспан ғибадатханасына бару кірді. Екі мемлекеттің басшылары сәулет кешенін аралап көріп, бірлескен фотосессияға қатысты.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде келіссөз жүргізіп, Иран, Украина және Тайвань мәселелерін талқыға салған еді.