
Алматының тергеу соты белсенді Санжар Боқаевқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын тағы бір айға созды. Бұл туралы белсендінің адвокаты Радмир Өтепов хабарлады.
Соған сәйкес, Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 маусымына дейін қамауда отырады.
2026 жылдың наурызында Бас прокуратура Санжар Боқаевтың Алматыда ұсталғанын хабарлаған. Тергеу мәліметі бойынша, ол алаяқтық жасады, сондай-ақ заңсыз ағаш кесу үшін адамдарға ақша төлеп, кейін сол заңсыздықтар туралы контент түсірді деген күдікке ілінген.