Жаңалықтар

«Жеңісті күндерде жүздескенше»: Шымкентте Амангелді Сейітханды еске алды

фото: ordabasy

13 мамыр күні «Ордабасы» мен «Жетісу» арасындағы матчта шымкенттік жанкүйерлер қазақ спорт журналистикасының аңызына айналған комментатор Амангелді Сейітханға ерекше құрмет көрсеті.

69-минуттағы ерекше сәт

Ойынның 69-минутында стадиондағы жанкүйерлер марқұмның бейнесі мен оның атақты «Жеңісті күндерде жүздескенше» деген сөзі жазылған баннерді көтерді. Бұл минут кездейсоқ таңдалған жоқ Амангелді Сейітхан 1969 жылы 11 мамыр күні дүниеге келген еді.

Матчтың тағы бір ерекшелігі – кездесуді тікелей эфирде Амангелді Сейітханның ұлы Бекасыл Сейітхан жүргізді.

Бұған дейін Абай облысында журналистер арасында Амангелді Сейітхан атындағы футболдан турнир өткен еді.