Қоғам

Астанада екінші әуежай қай жерге салынуы мүмкін

Астанада екінші әуежай салынуы мүмкін/Серикжан Ковланбаев, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев қаладағы екінші әуежай құрылысына қатысты сұраққа жауап берді.

Айтуынша, қала аумағының ұлғаюына байланысты екінші әуежай салынады. Алайда әлі орны нақты анықталмаған.

«Қай жерге салынатыны әлі нақты шешілмеді. Бірнеше бағытты қарастырып жатырмыз. Олар: Қосшы бағыты, Қарағанды және Павлодар жолы бағыты. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл мәселемен сарапшылар айналысады», – деді Өтебаев.

2025 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада екінші әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.