Жаңалықтар

Бойжеткеннің интимді жерлерін ұстаған фельдшерге қатысты тергеу басталды

shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Алматыда жедел жәрдем қызметкерінің сексуалдық сипаттағы қысым көрсеткені туралы шағым тексеріліп жатыр.

Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасы әлеуметтік желілерде қызға қатысты заңға қайшы әрекеттер туралы жарияланымға қатысты тексеру жұмыстарын бастаған.

«Тексеру іс-шаралары аясында оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты әрі объективті түрде анықталып, қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Келтірілген деректер расталған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады», – делінген хабарламада.

Полиция департаменті мұндай фактілердің ерекше бақылауда болатынын айтты. Себебі бұл азаматтардың құқықтары мен жеке басына қол сұғылмаушылықты қорғауға тікелей қатысты.

Қыздың айтуынша, оқиға 14 мамырға қараған түні болған.

Threads желісіндегі жазба авторының сөзінше, түнгі сағат 01:53 шамасында денсаулығы нашарлап, жедел жәрдем шақырған. Оның айтуынша, шақыртуға 1992 жылы туған фельдшер келген. Қыз медициналық тексеру сылтауымен ер адам интимді жерлеріне қол тигізе бастағанын мәлімдеді.

«Полиция шақыру үшін телефонымды алған кезде, ол телефонымды тартып алып, мені пәтерде күштеп ұстап қалуға тырысты. Айқайымды естіген көршілер жиналып, солар мені құтқарып қалды», – делінген жазбада.

Айта кететін жайт, Қазығұртта мұғалім «оқушыға сексуалды сипатта әрекеттер жасады» деген күдікке ілінген еді.