
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 34 әріпке негізделген түркі әліпбиін қолдану аясын кеңейту қажет деп санайды. Сөзінше, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердегі ғылыми және білім беру бастамаларын қолдау қажет.
«Түркі әлемі тілдері мен мәдени мұрасын қолдау үшін жасанды интеллект технологияларын дамыту ерекше маңызға ие. Бізге жақын аймақта болып жатқан дағдарыс ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестірудің маңызды екенін көрсетіп отыр. Түркі елдері арасындағы кеңесу және ынтымақтастық тетіктерін нығайту қажет», – деді Ердоған.
Сонымен қатар стратегиялық маңызы бар көлік және логистика жобаларын дамыту маңызды.
«Палестина, Иран, Украина және басқа өңірлердегі жағдайлар өзара үйлестіру мен бірлескен күш-жігерді бұрынғыдан да күшейтуді талап етеді», – деді Ердоған.
2024 жылы Түркі мемлекеттері 34 әріптен тұратын ортақ әліпби нұсқасын мақұлдады.