
Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұралы Әлиев әжесі Сара Алпысқызының рухани мұрасын халықаралық аренаға шығармақ.
Әңгіме кезінде Қазақстанның барлық мектептерінде оқытылған «Өзін-өзі тану» пәні туралы болып отыр.
«Бізде «Өзін-өзі тану» деген сабақ болды. Оны менің әжем Сара Алпысқызы енгізген. Шындығында, өзін-өзі тану пәні керемет әсер берді. «Менің өмір жолым осы сабақтан басталды» деген адамдар көп кездесті. Өкінішке орай, бұл пәнді мектеп жүйесінен қысқартып тастады. Мен бұл сабақты халықаралық аренада ілгерілетуді көздеп отырмын», – деді Нұралы Әлиев.
Айта кететін жайт, «Өзін-өзі тану» пәні Қазақстан мектептерінің міндетті бағдарламасына 2010–2011 оқу жылында енгізілген болатын.
Бағдарламаны Сара Назарбаева бастамашы болып қолға алып, ол оқушылардың бойында адамгершілік, мейірімділік және ішкі үйлесімділікті дамытуға бағытталған рухани-адамгершілік тәрбие курсы ретінде ұсынылған еді.
2022 жылы Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті сабақтар қатарынан алып тастау туралы шешім қабылдады. Жарияланған бұйрыққа сәйкес, бұл факультативтік сабақ форматына ауыстырылды.
Мұның алдында Рахат Әлиевтің ұлы, Назарбаевтың немересі Нұралы Әлиев Давоста дәріс оқыған еді.