Жаңалықтар

Темірлан Анарбеков Түркияның топ-клубына кетуі мүмкін бе

Қақпашы Темірлан Анарбеков Милан Интер Қайрат
Қақпашы Темірлан Анарбеков Миланда / фото: «Қайрат» ФК

Түркияның танымал футбол агенті Али Емре Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековті түрік Суперлигасының «Фенербахче» клубына ауыстыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Футболшыларды Түркияның футбол клубтарына трансферлеуге маманданған Али Емре Х әлеуметтік желісіндегі аккаунтында Темірлан Анарбековтің «Фенербахче» клубы үшін қолайлы кандидаттардың бірі екенін айтты. Айта кетейік, аталған клуб Түркияның жоғарғы дивизионы – Суперлиганың 2025/26 маусымының қорытындысы бойынша екінші орынды иеленіп отыр.

«Біз «Сити», «Бавария», «ПСЖ» немесе «Барселона» емеспіз. Бізге шабуылды өз қақпасынан бастайтын қақпашының қажеті жоқ. Бізге қақпа сызығына байланып тұрмайтын, қақпадан тыс жақсы ойнайтын және қорғанысқа жетекшілік ете алатын голкипер керек. Мен үшін бірінші нұсқа – Цолакис, одан кейін Темірлан Анарбеков тұр. Бізге Муслера сияқты команда үшін матчтарда жеңіс сыйлай алатын қақпашы қажет», – деп жазды Али Эмре.

Айта кетейік, алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы сәтті өнерінен кейін жанкүйерлер мен мамандар арасында команда қақпашысы Темірлан Анарбековтің еуропалық топ-клубта ойнауға мүмкіндігі бар екені туралы әңгімелер айтыла бастады.

Дегенмен, футболшының трансфері туралы әзірге ресми ұсыныс түспеген.