Жаңалықтар

Ұлытау облысында алтын өндіретін компания дивиденд төлемейді

Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ұлытау облысында алтын өндіретін BASS Gold компанисы 2025 жылғы табысынан акционерлеріне дивиденд төлемейді. Жалғыз акционерінің шешімі Қазақстан қор биржасына жолданған құжатта жазылған.

Соған сәйкес, алтын өндіретін кәсіпорынның былтырғы 3 млрд таза пайдасы өзінде қалып, компанияның дамуына жұмсалмақ

Егер 2024 жылы компания түсімі 3,29 млрд теңге болса, 2025 жылы көрсеткіш 13,32 млрд теңгеге жетті. Ал жалпы пайда 133,3 млн теңгеден бірден 8,08 млрд теңгеге дейін өсті.

BASS Gold – бақылау пакеті Шыңғыс Сәдуақасовқа тиесілі қазақстандық алтын өндіруші компания.

Кәсіпорын Ұлытау облысындағы («Үшшоқы») және Алматы облысындағы («Шынасыл-Сай») кен орындарын игерумен айналысады.

Компания геологиялық барлаудан бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі толық циклді қамтамасыз етеді.

2025 жылы үш жаңа аймақта барлау жүргізуге ресми рұқсат алған.