Қоғам

Ақтаудағы кәсіпорын мұржасынан қара түтін шықты – видео

Кәсіпорын қара түтіннің не себепті шығып жатқанын түсіндірді/фото: видеодан скриншот

Ақтаудадағы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатынан қою қара түтін шығып жатыр. Бұл туралы жергілікті Lada.kz жазды.

Желіде 15 мамырда түсірілген видео тарады. Ол жерде кәсіпорын мұржасынан қою қара түтін шығып жатқанын көруге болады.

Кейінірек «МАЭК» ЖШС баспасөз қызметі қара түтіннің неден пайда болғанын түсіндірді. Кәсіпорын мәліметінше, ЖЭО-дағы энергетикалық жабдықты мазуттан газға ауыстырған. Мұндай жағдайда газ түсі біраз уақытқа өзгеруі мүмкін.

«Түтін мұржасының биіктігі барлық шығарынды атмосферада таралып, қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсер етпейтіндей етіп есептелген», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Чёрный дым напугал жителей Актау

Бұған дейін Шымкенттегі өнеркәсіптік аумақта ашық аспан астында ескі аккумуляторлар мен қорғасын құймалары түріндегі дайын өнімдер сақталып жатқаны белгілі болды.