Жаңалықтар

«Қайда саламыз?»: Тоқаев әуежай құрылысы туралы айтты

Астанада екінші әуежай салынады/Серикжан Ковланбаев, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада тағы бір әуежай салу қажет екенін айтты.

«Қазір алдымызда тұрған үлкен мақсат – жаңа әуежай салу. Оны қайда саламыз? Маған нақты ұсыныс керек», – деді президент Astana LRT іске қосылған кезде.

Бұған дейін Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев әуежайдың қай жерге салынатыны әлі нақты шешілмегенін мәлімдеді.

«Бірнеше бағытты қарастырып жатырмыз. Олар: Қосшы бағыты, Қарағанды және Павлодар жолы бағыты. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл мәселемен сарапшылар айналысады», – деді Өтебаев.

Айта кетейік, 2025 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада екінші әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды