Қоғам

Алматы облысында полиция шендісі жұбайын көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Полиция завела уголовное дело после гибели двух рабочих на "Казцинк"
Полицей өз әйелін қағып кеткен / Фото: Shutterstock

Алматы облысының Балқаш ауданында жоғары шенді полиция қызметкері жол бойында әйелін қағып кеткен. Жолдасы сол жерде жан тапсырды. Бұл оқиғаны polites.news басылымы жазады.

Күдікті ретінде Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Қабдылданов уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қайғылы оқиға 2026 жылдың 16 мамырында таңғы сағат бес шамасында Қонаев – Бақанас тасжолында орын алған.

Алдын ала тексеру бойынша, Бауыржан Қабдылданов қызметтік Hyundai Elantra көлігін айдап келе жатқан. Көлікте онымен бірге жұбайы болған. Жолда ерлі-зайыптылар арасында ұрыс шығып, әйел көліктен түспекші болады.

Жүргізуші көлікті Бақбақты ауылының маңына тоқтатып, әйелін түсіріп кетеді. Ол екі-үш шақырым жүргеннен кейін жұбайын қайта алып кету үшін артына бұрылады.

Сол уақытта әйел тасжолдың қақ ортасында отырған көрінеді. Жүргізуші оны байқамай қалып, көлікпен қағып кетеді. Алған жарақаттардың салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Тергеушілер бұл жағдайды қан іздері мен мәйітті қарау нәтижесі арқылы растап отыр.

Қабдылданов бұл көлікті заңды жолпарақпен мінген. Ол бір күн бұрын қылмыстық істер бойынша сараптама тағайындау үшін Қонаев қаласына барып қайтқан екен. Соққыдан қызметтік көліктің алдыңғы бампері мен радиаторы зақымдалған.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу бабына жатады.

Бұған дейін Шымкент полициясы изоляторда қайтыс болған қызға қатысты мән-жайды түсіндірген.