Жаңалықтар

40 жастағы Лука Модрич тізімде: Хорватия Әлем чемпионатына құрамын жариялады

Лука Модрич бесінші әлем чемпионатына барады / фото: AFP

«Миланның» жартылай қорғаушысы, Алтын доп иегері Лука Модрич футболдан Хорватия ұлттық құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатына баратын құрамына енді. Осылайша, 40 жастағы хорватиялық аңыз өз карьерасындағы бесінші мундиалда бақ сынамақ.

Хорватия құрамасының Әлем чемпионатына шақыртылған құрамы:

Қақпашылар: Доминик Ливакович («Динамо Загреб»), Доминик Котарски («Копенгаген»), Ивор Пандур («Халл Сити»).

Қорғаушылар: Йошко Гвардиол («Манчестер Сити»), Дуе Чалета-Цар («Реал Сосьедад»), Йосип Шутало («Аякс»), Йосип Станишич («Бавария»), Марин Погранчич («Фиорентина»), Мартин Эрлич («Митьюлланд»), Лука Вушкович («Гамбург»).

Жартылай қорғаушылар: Лука Модрич («Милан»), Матео Ковачич («Манчестер Сити»), Марио Пашалич («Аталанта»), Никола Влашич («Торино»), Лука Сучич («Реал Сосьедад»), Петар Сучич («Интер»), Мартин Батурина («Комо»), Кристиан Якич («Аугсбург»), Никола Моро («Болонья»), Тони Фрук («Риека»).

Шабуылшылар: Иван Перишич (ПСВ), Андрей Крамарич («Хоффенхайм»), Анте Будимир («Осасуна»), Марко Пашалич («Орландо Сити»), Петар Муса («Даллас»), Игор Матанович («Фрайбург»).

Лука Модрич жасына қарамастан жоғары деңгейде өнер көрсетуін жалғастырып келеді. Биылғы маусымда «Милан» сапында барлық турнирлерде 36 матчқа қатысып, 2 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

Хорватия құрамасы Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Англия, Панама, Гана құрамаларымен кездеседі.

Еске сала кетейік, футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.