
Қазақстанда сұлулық пен күтімнің құны инфляциямен жарысып өсіп келеді. Ұлттық статистика бюросының бір жылдағы мәліметтерін сараптай келе, шаш қию қызметінің бағасы әр өңірде әртүрлі деңгейде құбылып қана қоймай, айтарлықтай шарықтағанын байқадық.
Ерлер мен әйелдер: Кімнің қалтасына көбірек салмақ түседі?
Әдеттегідей, әйелдердің шашын қию қызметі ерлерге қарағанда қымбатырақ. Алайда екі жылдың динамикасына көз жүгіртсек, ерлердің шашын қию пайыздық тұрғыдан алғанда әлдеқайда агрессивті өскенін көруге болады. Жалпы республика бойынша алғанда, әйелдердің шаш қиюы бір жылда орташа есеппен 4 216 теңгеден 4 754 теңгеге өссе, ерлердікі 2 744 теңгеден 3 408 теңгеге дейін секірген.
Бұл сандар шаштараздағы бағаны ғана емес, аймақтардағы халықтың сатып алу қабілеті мен тұтынушылық инфляцияның нақты көрінісін де аңғартады. Сіздің қалаңызда шаш қию қанша тұрады, бір жылда қанша пайызға өсті? Жоғарыдағы арнайы әзірленген интерактивті инфографикадан өзіңіз тұратын облысты тауып, мәліметтерді салыстырып көріңіз.
Еске сала кетейік, әлемде азық-түлік бағасы соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілді